Басты Жаңалықтар Ата Заңның жаңа жобасына Әнұран сөзін енгізуді ауыл тұрғыны ұсынған

Ата Заңның жаңа жобасына Әнұран сөзін енгізуді ауыл тұрғыны ұсынған

Конституцияның жаңа жобасына 10 мыңнан аса ұсыныс түскен. Еліміздің басты құжаты қоғамдық талқылаудан өтіп, халық пікірі ескерілді. Ата заңға қатысты өтініш білдірген жанның бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны Махамбетәлі Әбдіхамитұлы.
33 жастағы Махамбетәлі - ағылшын пәнінің мұғалімі. Жас ұстаз жеке оқу орталығында ауыл балаларына сабақ береді. Ол қолданыстағы Конституция мәтініндегі «гимн» терминін қазақтың әнұран сөзімен алмастыруды ұсынған. Елжанды азамат өзінің талап-тілегін дерек-дәйекпен толықтырып, конституциялық кеңестің ресми порталына жолдаған. Және оның бұл ұсынысы қолдау тапты. Конституцияның жаңа жобасында Мемлекеттік рәміздер туралы жазылған 11-бапта бұрынғы «гимн» термині әнұран болып өзгертілді.
Махамбетәлі Әбдіхамитұлы, аудан тұрғыны:

Қарапайым халық та осындай бір өзгеістерге өзінің үлесін қосу керек. Яғни, оны тек қана үкіметтегі адамдарға немесе мемлекетке жүктеп қоюға болмайды. Бұл тікелей халық қатынасуы керек осы нәрсеге. Яғни, Халық кеңесі деп бір үлкен бір бапты енгізді. Осы мәселенің бір ұшқыны ма деп ойлайдым. Тағы да қосымша баптарды енгені, тағы қосымша бір терминдердің өзгергені қуантты.

Бөлісу