Табиғатты қорғау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі
Жаңа Конституцияның жобасында экология мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді. Яғни осы саладағы жалпы қауіпсіздік мәселесі әр азаматтың жақсы өмір сүруімен тікелей байланысты. Сондықтан Ата Заңда мемлекеттің басты байлығы адам деп көрсетілгендіктен олардың денсаулығын сақтап, білім алуына да кепілдік беріледі. Ал Конституция табиғатты сақтай отырып оның игілігін көруге міндеттейді.Бұл тұрғыда суы мен нуы тең және өндіріс ең көп шоғырланған шығыстағы ел жұрттың пікірі келесі бейнематериалда.
Біздің Өскемен қаласы үшін экологиялық мәселе өзекті болып барады.Себебі соңғы уақыттарда екі күннің бірінде қала көк түтін болады.
Жаңа Конститутцияны алып қарайтын болсақ,ол жерде экология мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтеріліп отыр.
Экологияны ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтеру арқылы жаңа қағида қалыптасады. Оған қоса жаңа Конститутциялық жобада табиғатты қорғау мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде айқындалды.Яғни мемлекет экологиялық жауапкершілікті арттырады. Қазіргі қолданыстағы кейбір заңдарға Конститутциялық маңыз беру арқылы азаматтардың құқықтық мәртебесі де биіктеді.
Сәуле Қашқымбаева, облыстық Экология департаментінің бас маманы:
Мысалы 31-бапта қолданыстағы Конститутцияның мемлекет адамзаттың өмірі денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні көрсетілген. Бірақ тікелей міндеттері анықталмаған.Қазіргі Конститутциялық жаңа жобада экологиялық мәселелер нақты айқындалып, СКЛ 00.20.16-тек міндет ретінде емес адам құқықтарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған.Табиғи ресурстарды иегру мен пайдалну мәселесі де айқын көрсетілді.Бұл жердің асты-үстіндегі байлық болашақ ұрпақ мүддесі үшін де пайдаланылатыны нақты жазылған. Сонда ғана экология мен экономика арасындағы теңгерім сақталады. Тәулесіз эколог-Дәулет Асановтың пікірінше Өскемен сияқты екі өкпесі қысылып тұрған өндірістік қалаларда тұрғындардың денсаулығын сақтау ең негізгі мәселе. Ол үшін ескі жылыту орталықтары толық жаңғыртылуы қажет.
Дәулет Асанов, эколог:
Жалпы алып қарағанда біздің өмір сүретін ортамыз. Бұның ішінде ауада жатыр. Су да жатыр. Инфрақұрылым да жатыр. Сондықтан бәрін айналдырып қараған кезде инвеститцияның барлығы осы біздегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар энергетиканың жаңғыртылуына жүргізулуі керек. Шығып жатқан ластаушы заттар атмосфераға қалдықтары судың қолдануы әлдеқайда тиімдірек болуы керек.Тиімдірек болу жағы қазіргі экология Кодексінде көрсетілген. Енді жаңа Конститутцияға бірнеше бап ретінде енгізіліп, міндеті анық жащылды.Нәтижесінде азаматтардың қолайлы тіршілік етуі үшін айырқша мәртебе беріліп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы