Басты Жаңалықтар Сарапшы: Бір палаталы парламентте заң шығару процесі жылдам жүреді

Сарапшы: Бір палаталы парламентте заң шығару процесі жылдам жүреді

Бүгінде әлем елдерінде 188 парламенттің 107-сі бір палаталы болса, қалған 81-і екі палаталы. Бір палаталы парламент заң қабылдау процесінің жылдам жүретінін көрсетіп отыр. Литвалық сарапшы Қазақстандағы жаңа Конституция жобасындағы өзгеріске қатысты осылай дейді.

Алгис Крупавичюс, саясаттанушы:

Сіздердегі маңызды өзгерістердің бірі – бір палаталы парламентке көшу. Жаһандық үрдістерге көз жүгіртсек, кейінгі онжылдықта мұндай процесс жиі байқалады. Парламентаралық одақтың мәліметіне сәйкес, бүгінде әлемдегі 188 парламенттің 107-сі бір палаталы, қалған 81-і екі палаталы. Заң шығару тиімділігі тұрғысынан алғанда, бір палаталы парламенттер, әсіресе заң қабылдау үдерісінде, әлдеқайда жылдам жұмыс істейді. Сондай-ақ оларда жауапкершілік те басым. Атқарушы билікті бақылау да бір палаталы жүйеде әлдеқайда түсінікті.


Бөлісу