Адвокат пен прокурор мәртебесі теңестіріледі
Адвокаттардың мәртебесі прокурорлармен теңеседі. Жаңа Конституцияның 86-бабының мәні осындай. Бұл сот процесінде айыпталушының да сөзін анық есту, екі тараптың да құқығының тапталуына жол бермеу үшін жасалып отыр. Мысалы, қазір прокурор кез келген деректі сұрата алады, мекемелер оны уақытылы жіберуге міндетті. Ал адвокат сұрау салып, жауап келмей қойса, көп жағдайда мекемелер жауапқа тартылмайды. Соның кесірінен айыпталушы жағы сотта өз позициясын жеткізе алмай қалады. 86-бап осы олқылықты жояды.
Әбдірашид Төлегенұлы, заңгер:
Бүгін айыптау жағы істі дайындайды, сотқа алып келеді, адвокат жағы осындай толық құқықтары жоқ, сол себепті теңестіру керек. Адвокаттар да сол деректерді жинап, сотқа келгенде өздерінің деректерін алып келіп, сотта теңбе-тең беруге құқықты болу керек.
Яғни, адвокаттың мәртебесі айқындалады. Ол әділ соттың тең қатысушысы ретінде бекітіледі. Енді заңдар осы бапқа сай өзгеріп, адвокат сұрауына уақытылы жауап бермегендерге жауапкершілік енгізілуі мүмкін. «Сот төрелігінде айыптау мен қорғауға бірдей жағдай жасау – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам. Бұл елдің құқықтық саласын жаңа деңгейге көтереді»,-дейді сарапшылар.
Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы:
Азаматтар кейде айтып жатады, адвокаттың үні естілмей қалды, даусы естілмей қалды, оның пікірі жетпей қалды деген мағынада. Енді адвокаттың деңгейі Конституциялық деңгейде болады. Мұны үлкен ерекшелік деп айтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы