Жаңа Конституция жобасында отбасы және неке ұғымдары нақтыланды
Жаңа Конституция жобасында отбасы мен неке ұғымдары нақтыланған. Неке тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде айқындалады. Дәл қазір осы мәселе онлайн-марафонда талқыланып жатыр. Пікірталас алаңынан әріптесім Ернұр Медет тікелей эфирге қосылуға дайын. Ернұр, жаңа норманың мән-маңызы қандай?
Отан отбасынан басталатыны белгілі. Жаңа Конституция жобасында жанұя мен неке сынды қастерлі ұғымдарды ұлттық пайым-парасатқа сай күшейту көзделген. Құжатқа «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті және тең құқықты одағы» деген жаңа бап енді. Отау құрудың өзі бекерден-бекер бүге-шігесіне дейін жазылып отырған жоқ. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Әрі шаңырақ көтерудің мән-маңызын айқындай түспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы