Басты Жаңалықтар Қазақстандағы референдум әлем баспасөзінің назарында

Қазақстандағы референдум әлем баспасөзінің назарында

Қазақстандағы конституциялық реформа әлем баспасөзінің де назарынан тыс қалған жоқ.

«Рейтер» өз мақаласында жаңа Конституция бойынша референдумның наурыздың 15-де өтетінін хабарлайды. Сонымен қатар, халықаралық агенттік бұл өзгеріс парламент құрамын оңтайландыратынына да тоқталды.

«Евроньюс» телекомпаниясы да Қазақстандағы саяси реформаға материал арнады. Жаңа Конституция референдумда қабылданса, шілденің 1-де күшіне енуі керек деп хабарланған.

Бұл тақырыпқа қатысты ақпарат түріктің «Йени Шафак» газетінде де жарияланды. Онда айтылғандай, осы реформа нәтижесінде Қазақстан өкілеттігі күшейтілген парламенті бар президенттік республикаға айналады.

Ал қырғызстандық заңгер Таттуу Ергешбаеваның пікірінше, Қазақстанда конституциялық комиссия азаматтардың, сарапшылардың ұсыныстарын және қоғамдық талқылаулардың нәтижелерін ескере отырып, жаңа Ата заң жобасын референдумға ұсынып отыр.


Бөлісу