Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан саяси билік институттарын жетілдіруде

Сарапшы: Қазақстан саяси билік институттарын жетілдіруде

Қазақстандағы өзгерістер билік институттарын жетілдіруге және мемлекет пен қоғам арасында тұрақты диалог қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа Конституция жобасы туралы әзербайжандық сарапшы Орхан Йолчуевтің пайымы осы.

Орхан Йолчуев, STEM аналитикалық орталығының директоры, тарихшы /Әзербайжан/:

Бұл – ауқымды реорганизация және оның нақты қадамдары бар. Мұндай өзгеріс тек Қазақстанға емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы, кейінгі жылдары Қазақстанда билік институттарын жетілдіруге және мемлекет пен қоғам арасында тұрақты диалог қалыптастыруға бағытталған саясат жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жалпы, тағдыршешті заңдарды қабылдау тым көп уақыт алады. Бір палаталы модель осы үдерісті қысқартып, жеңілдетуге тиіс. Бұл әлемде болып жатқан жағдайларды ескерсек, аса маңызды.


Бөлісу