Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасының мемлекет дамуына әсері талқыланды

Жаңа Конституция жобасының мемлекет дамуына әсері талқыланды

Алматыда «KISI GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңында жаңа Конституция жобасының мемлекет дамуына әсері талқыланды. Кездесуде заңның негізгі баптары, мемлекеттік институттар жұмысы мен басқару жүйесіне ықпалы сараланды. Жаңа құжаттың мемлекеттік басқарудағы тиімділігі де сөз болды. Жиында сөз алған сарапшылар Ата заңның жобасы кең қоғамдық диалог пен кәсіби сараптаманың нәтижесінде қалыптасқанын атап өтті. Конституциялық комиссияның 12 ашық отырысы тікелей эфирде өтіп, халықтан түскен 10 мыңнан аса ұсыныс қаралып, ескерілген. Бұл - азаматтардың құқығы мен бостандығының негізгі басымдығы ретінде бекітіп, елдің саяси және институционалдық жаңғыруына негіз болады дейді мамандар. Шараны Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп ұйымдастырған.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

Конституция бұл – мемлекеттің архитектурасын дайындайтын меморандум сияқты құжат. Ол осы кейпінде қалмайды. Жалпылама әрбір бапқа біз бағытты анықтап алдық. Яғни осындай түсіндіру жұмысының негізінде халықтың ортасында 15 наурызға дейін біз осындай үлкен жұмыс жүргізуіміз керек.


 


Бөлісу