Басты Жаңалықтар Зиялы қауым өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады

Зиялы қауым өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері зиялы қауым өкілдерімен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосуда Үкімет басшысының орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғам талқысына ұсынылған Жаңа Конституция жобасының ең басты құндылығы – азаматтардың игілігі, елдің тұрақты дамуына негізделуі екенін атап өтті. Басқосуда коалиция мүшелері конституциялық реформалардың ел дамуына қосар үлесі, саяси жаңғырудың негізгі бағыттары және азаматтық қоғамның рөлін тілге тиек етті. Кездесуге қатысқан зиялылар Жаңа Конституция жобасында ғылым, мәдениет және инновацияға негізделген даму бағытының бекітілуі ерекше маңызды екенін атап өтті. Өйткені ұлттың шынайы күші оның адами капиталында, зияткерлік әлеуетінде.

Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі:

Жаңа Конституция жобасында жаңа мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жобада «тарихи-мәдени мұраны сақтау» мен «төл мәдениетті қолдау» негізгі қағидаттар ретінде алғаш рет айқындалды. Бұған дейін қолданыста болған Ата заңымызда мұндай нақты әрі жүйелі ұстаным болмағанын да ашық айтуымыз керек. Бұл өзгеріс мәдениет пен руханияттың маңызы мен рөлін айшықтайды. Аталған жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

1995 жылғы Конституция еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, мемлекеттің негізін қалауда тарихи рөл атқарғаны сөзсіз. Ал жаңа Конституция жобасы сол құқықтық мұраны заман талабына сай жаңғыртып, оны одан әрі дамыта түседі. Ең басты артықшылығы адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын күшейтіп, әділетті мемелекет қағидатын нақты тетіктер арқылы бекітуінде.

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жаңа Конституцияның ең негізгі құндылығы ол мемлекетіміздің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау. Сіздер жақсы білесіздер, сан ғасырлар бойы біздің мемлекеттің келешегі, халықтың болашақ бақыты ол елдің еркіндігі мен тәуелсіздігіне тікелей байланысты. Бұл Тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғау ең басты мақсат мұратымыз екендігін Қызылордада өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы қадап тұрып айтты.

Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы ұлттық драма театрының директоры:

Шын мәнінде қазіргі таңда Қазақстанның жағдайында алға жылжу үшін оның ішінде біздің мәдениетке, өнерге деген бөлінген, Ата Заңға кірген үлкен-үлкен жобалар, мәдениетті еліміздің стратегиялық әріптес ретінде қарау – барлығы бізідң көңілімізді өте жақсы жағдайға жетелейді. 

Қансейіт Әбдезұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Бірінішіден қаламгер ретінде, жазушы ретінде және Жазушылар Одағының хатшысы ретінде мен жаңағы бүкіл халықтық референдумға шығып жатқан Ата заңымыздың жаңа нұсқасын толық қолдаймын. Себебі бұның ішіндегі біздің көптеген ұлттық құндылықтармыз кірді. Мен әсіресе соған қуанамын.

Болат Әбділманов, Қазақстанның халық артисі:

Мәдениеттің Конституцияда басымдық берілуі соны нақтылауы бұл шын мәніндегі біздің болашақтың кепілі. Яғни, рухани байлығымызды нығайтып, оны дамытып, үлкен ықпал ететін игі бастама деп білемін.


Бөлісу