Олимпиада: М. Шайдоров медаль үшін тәуекелге бармақ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада медалі үшін үлкен тәуекелге бармақ. Отандасымыз күрделі элеменеттерді орындап, бес рет төрттік секіруді жоспарлап отыр. Ол бұған дейінгі жарыстардың еркін бағдарламасында мұндай қиын әдісті қолданып көрмеген. Тіпті әлем бойынша аталған күрделі комбинацияны ешкім орындамаған. Жалпы, Ақ ойындардың жетінші күні қалай өтіп жатыр? Миланнан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Бейбітұлы баяндауға дайын.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Күн шаңғы жарысынан басталды. Төрт отандасымыз жарыс жолына шығып, бақ сынады. Ең үздік деген көрсеткіш 43-орын, қазақстандықтардан бірінші болып Әмірғали Мұратбеков мәре сызығын есті. Виталий Пухкало 57, ал Нали Башмаков 74-болып келді. Биатлоннан 10 шақырымдық спринт те аяқталды. Владислав Киреев 51-сатыға жайғасса, Әсет Дүйсенов 61-орыннан көрінді. Әзірге нәтиже осындай.
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Олимпиада медалі үшін үлкен тәуекелге
баратыны туралы ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Михаил еркін бағдарламасы алдындағы жаттығу да төрттік секіруді бес рет орындап көрген. Оның үстіне бұл ақпарат Олимпиаданың ресми сайтына да жарияланды. Шынымен, қазақстандық спортшы күрделі әрі қауіпті элементтерді жасауға бел шешіпті. Сарапшылар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы таза өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан әділ бағаланса, үштікке кіруге мүмкіндігі бар деп отыр. Қысқа бағдарламаның нәтижесі бойынша Шайдоров бестікті түйіндеп тұр. Ал көш басында екі дүркін Әлем чемпионы АҚШ өкілі Илья Малинин, екінші орында Олимпиаданың үш дүркін күміс жүлдегері, жапониялық Юма Кагияма. Үшінші сатыда франциялық Адам Сиао ХимФа. Қымбатты көрермен, Михаил Шайдоровқа жанкүйер болайық. Қазақстанның медальға үміткер спортшыларының бірі, еліміздің үмітін ақтайды деп сенейік.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда қаланы қардан тазалауға техника жетпейді
13.02.2026, 20:39
«Қазгидромет» ауа райын суперкомпьютер арқылы болжай бастады
13.02.2026, 20:38
Елімізде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді
13.02.2026, 20:37
Алматыда кванттық технологиялар орталығы ашылды
13.02.2026, 20:35
Шымкенттегі мектептерде енді балалардың қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
13.02.2026, 20:34
Жалпыұлттық коалицияның аймақтарда штабтары ашылды
13.02.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды
13.02.2026, 20:16
Сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды
13.02.2026, 20:15