Басты Жаңалықтар АҚШ елшісі: Екіжақты қарым-қатынасы бұрынғыдан да мықты

АҚШ елшісі: Екіжақты қарым-қатынасы бұрынғыдан да мықты

«Екіжақты қарым-қатынастарымыз бұрыңғыдан да мықты». Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысқа қатысты Америка Құрама Штаттарының елшісі Джули М. Стафф осылай дейді. Бүгін дипломат жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, тілдесті. Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттары – Қазақстанмен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекет. Отыз бес жылдай екі ел өзара құрметке, ортақ құндылықтарға және жақсы әлемді бірге құру идеясын негізге алған серіктестік орнатты.

Джули М. Стаффт, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:

Бүгін екіжақты қарым-қатынастарымыз бұрынғыдан да мықты. Президент Трамп пен Президент Тоқаев бір-бірін жақсы таниды. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық жалғасын таппақ. Біз қауіпсіздік, мәдениет және сауда саласындағы байланыстарымызды тереңдетіп, екі ел үшін де бейбіт әрі өркендеген әлем құруға ұмтыламыз.

Биыл желтоқсанда грин-карта лотереясы бағдарламасының уақытша тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болған еді. Осыған қатысты АҚШ елшісі Джули М. Стаффт жауап берді. Оның айтуынша, «АҚШ – иммигранттар құрған ел. Ол ел тарихының маңызды бөлігі және барлық нормативтік-құқықтық актілерде және заңнамада көрініс тапқан. Сондықтан бұл тек уақытша шара деп есептейміз. Керісінше, көші-қон ағындарын тиімді реттеуге және қолданыстағы мәселелерді жетілдіруге бағытталған. 


Бөлісу