Жалпыұлттық коалицияның аймақтарда штабтары ашылды
Елімізде бүгіннен бастап «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы жұмысын бастады. Аймақтарда ашылған штабтардың құрамына партия өкілдері мен кәсіби заңгерлер, мәслихат депутаттары, ғылыми орта және шығармашылық адамдары мен сарапшылар тартылған. Олар халықпен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасын түсіндіреді.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!». Осындай атаумен Шымкентте қалалық коалиция жұмысын
бастады. Штаб референдумға
ұсынылған өзгерістер туралы тұрғындарға ақпарат беріп, ашық қоғамдық талқылау
алаңын ұйымдастырады. Құрамында
150-ден астам саяси партия өкілдері мен қоғам белсенділері бар.
Бұхарбай Парманов, қоғамдық
кеңестің төрағасы:
Біз өзіміз бас қосып, коалиция жөніндегі жұмыстарымызды бастадық. Әрине бұл біздің Қазақстанның саяси дамуы үшін өте қажет. Шымкент қаласында біз көптеген тұрғындардың арасында 1 млн 200 мыңнан аса халық бар. 500-ге жуық іс шара, жоспарларымыз бар.
Түркістан
облысында ашылған Өңірлік коалицияның алғашқы отырысында еліміздің ұзақ мерзімді даму бағытын
айқындау – жаңа құжаттың стратегиялық мәні екені айтылды.
Қалыйма Жантөреева, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары:
Адам бостандықтары мен құқықтарына мүлтіксіз кепіл кепілдік береді бұл Конституция. Бұл халыққа өте жағымды, жанына жақын мәселе. Өйткені халық әр кезде билікпен кері байланысты қалайды. Халық кеңесінің де салмағы осы халықпен жақындықта жатыр.
Ал Ақтөбе облысында құрылған өңірлік коалиция
құрамына саяси партиялардың, 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық
бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері кірді. 406
өкіл жаңа Ата заңның тарихи маңызын түсіндіру мақсатында өңірдегі еңбек
ұжымдарымен және тұрғындармен кездеседі.
Жұлдыз Қожабекова, өңірлік коалицияның
мүшесі:
Конституция деген бұл халық үшін тек қана заңдардың жиыны емес қой, бұл билік пен бұқараның арасындағы сенім көпірі деп ойлаймын. Сондықтан бұл жердегі басты дүние – Конституцияда, жаңа мазмұнда жазылған мәтіндерді біздің халыққа толығымен жеткізе алуымызда.
Ал Қарағанды қаласында құрылған жалпыұлттық
коалиция құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен 300 астам қоғамдық
ұйым енді. Өңірде 400 жуық адамнан құралған 14 штаб 7 топқа бөлініп, жаңа
Конституциясы жобасын халыққа жеткізу мақсатында жұмыс істейді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10