Басты Жаңалықтар БАӘ өткен «SWAT Challenge-2026» жеңімпаздары елге оралды

БАӘ өткен «SWAT Challenge-2026» жеңімпаздары елге оралды

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен «SWAT Challenge-2026» халықаралық сайысында топ жарған сарбаздар елге оралды. Әскеріміздің әлеуетін көрсетіп, ел намысын қорғаған батырларды кеше түнде әуежайда күштік құрылым басшылары мен туған-туыстары сән-салтанатпен қарсы алды. Мемлекет басшысы да жеңімпаздарды арнайы құттықтап, оларға алғысын жеткізді.
Халықаралық сайыста үздік атанып, қазақ әскерінің айбынын әлемге танытып, ел мерейін үстем еткен сарбаздар міне елорда әуежайына келіп қонды. Күннің суығына қарамастан жауынгерлердің жақындары мен әріптестері оларды ыстық ықыласпен қарсы алды.
Гүлден Ермекова, Арнайы жасақ жауынгерінің жұбайы:

Қазақтың барлық командалары үшін үйде тақымды қысып жанкүйер болып отырдық. Сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Екі айдан асты. Сыртта, түзде. Бала жаға сағынды. Жанкүйер болдық барлығымыз. Қазақтар сондай қайсар екенін, мықты екенін дүйім жұртқа дәлелді.
Мемлекеттік күзет қызметінің сарбазы:
Иә, бүгінгі қазақ сарбаздарының ұраны осы. Бұл жолы да олар қағиданы берік ұстанып, көк туымызды әлемдік аренада желбіретті.
Былтыр Қытай алған. Соны дәлелдейміз, көрсетеміз деп Президентіміздің тапсырған тапсырған тапсырмасын орындап, көрсетіп келдік. 20 млн халқымыз болса да миллиардты бағындырған, өте ол жердегі сезімді айта алмаймыз. Өте қуандық.
Дубайдағы дүбірлі дода арнайы жасақтар арасындағы олимпиада аталып кеткен. Биылғы бәсекеге 48 елден 100 ден аса команда қатысты. Қазақстан атынан еліміздің Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құралған «Kazakhstan А», «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасы бақ сынады.
Жауынгерлеріміз Дубайдағы SWAT Challenge жарысында жалпы командалық есепте топ жарды. “ Қазақстан - С” құрамасы сайыстың алғашқы күнінен бастап сәтті өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Ал “Қазақстан - А” командасы күміске қол созды. Сарбаздарымыздың жетістігіне шетелдік әріптестері қызыға да, қызғана қарап, ерлігін еріксіз мойындаған.
Әлішер Аманжол, «Kazakhstan B» командасының мүшесі:
Бізден дайындығымызды сұрап жатыр. Қай жерде, қалай дайындалдыңдар деп. Сол оларға қызық болды.
Тактикалық шабуыл, офицерлерді құтқару, биік мұнараға өрмелеу және кедергілерден сүрінбей өту. Тартысты бәсеке 5 күнге жалғасты. Биыл әлем біріншілігіне осымен екінші рет қазақ қыздары да қатысты. «Томирис» командасы жай ғана қатысып қоймай, біршама жігіттер командасын артта қалдырды.
Балнұр, «Tomiris» командасының мүшесі:
Әр мемлекеттің сарбаздары жеңеміз деп келеді ғой. Бәрі дайындалып келген. Бірақ, біздің дайындық мықты болып тұр ғой. Күн демей, түн демей тер төктік. Еңбек ақталды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Қазақстан – С» құрамасы жалпы есепте 536 ұпай иеленіп, топ жарды. Екінші орынға 515 ұпаймен «Қазақстан – А» командасы жайғасты. Ал басты қарсыласымыз Қытай 493 ұпаймен үздік үштіктен табылды. Отандастырымыздың жеңісі мен жүлделі орындары – отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші.

Бөлісу