Жамбыл облысында боранда жолда қалғандар құтқарылды
Төтенше жағдайлар қызметі де тыным таппады. Құтқарушылар көлігімен қарға батқан 10-нан аса адамға көмек көрсетті. Әсіресе апаттық-құтқару жұмысы Жуалы және Талас ауданында қарқынды жүрді. Өйткені таулы аумақтардың тас жолдарында 70 см-ге жететін қар жауды. Салдарынан Шақпақ ата ауылы маңында бірнеше жеңіл көлік жолдан шығып кеткен. Ал Қызыл-Арық ауылы маңында жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан шығарылды. Айта кетейік, кеше аймақта бір айда түсуі тиіс қар екі күнде-ақ жауып тастады. Салдарынан республикалық жолдарда 2 мыңнан аса көлік кептеліп қалды. Таңға жуық кей бағыттағы жолдар біртіндеп ашыла бастады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16