ШҚО-да көктайғақтан 500-ден аса адам зардап шеккен
Өскеменде ақпан айының басынан бері 700 адам түрлі жарақаттармен жедел жәрдемге жүгінген. Олардың 500-ге жуық көшедегі көктайғақтың салдарынан зардап шеккен. Қаладағы дәл қазіргі ахуалды тілшіміз Олжас Керейханнан білейік.
Соңғы бір аптада Өскеменнің көшелерінің көбі көк жалтыр мұзға айналды. Өйткені қаңтардың соңында қатты аяз, ал ақпанның басында қар тоқтаусыз жауды. Екі күн бұрын күн райы күрт жылынды. Оның салдарын енді тұрғындар тартып жатыр. Әсіресесе соңғы 2-3 тәулікте қаладағы медициналық мекемелеоде түрлі жарақатпен түскендер саны 2-3 есе көбейген. Көбісінің аяқ-қолы және қабырғасы мертіккен. Тұрғындар осы қыста қардың дұрыс шығарылмай жатқанына және жаяу жүргіншілер жолына құм себілмейтініне шағымданып жатыр. Ал қала тазалаығына жауапты коммуналдық мекеме мамандары қар күрейтін техниканың жетіспейтіндігін айтып ақталуда. Оған қоса жүргізушілер көліктерін түнде ұзын жолдың бойына қойып кетеді. Бұл жол жиегіндегі қарды толық алуға кедергі келтіреді. Дегенмен коммуналдық мекеме жұмысшылары аялдамалар мен адам аяғы үзілмейтін көшелерге құмды қолмен сеуіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы