Президент Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Мемлекет басшысы Ұйымның Орталық Азиядағы алғашқы өкілдігі елімізде ашылғанын ерекше ілтипатпен қабылдағанын жеткізді. Мұхаммед Әбделсалам қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Астанада ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына белсенді атсалыса беретінін айтты. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17