Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы кентінде өрт сөндіру бөлімі ашылды. Жаңа нысан заманауи техникамен, арнайы автокөліктермен және жаңа жабдықтармен қамтылған. Бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларда, соның ішінде шалғайдағы елді мекендерде жедел әрекет етуге мүмкіндік бермек.
Жаңа нысан ескі тозығы жеткен өрт сөндіру бөлімінің орнына салынған. Мұнда арнайы автокөліктерге орын, демалыс, жаттығу аймағы, тіпті бөлек асханасы да бар. Ең бастысы жедел қызмет үшін керекті замануи қондырғылар сақадай сай. Мұнда енді 20 өрт сөндіруші қызмет етеді.
Нұрсұлтан Советов, өрт сөндіру бөлімінің командирі:
Бөліміміз аудандық болғандықтан, көп техника жетіспеген. Қазір заманауи апараттар әкеліп, жағдайымызды жасап жатыр. Жақсы көлік алып келді. Сеніп жатқанда халыққа көмектесіп, жақсы жағынан көрінеміз.
Алдағы уақытта өңірдегі барлық бөлімше заманауи стандарттарға сәйкес толық жабдықталмақ. Мәселен, былтыр Қарқаралы ауданында тура осындай жаңа бөлім ашылып, жұмысын бастады. Алдағы уақытта Осакаровка ауданында да жаңа бөлім салынбақ. Онымен қоса барлық аудан орталықтарындағы техника жаңартылуда.
Еркін Отарғалымұлы, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
Өрт сөндіру бөлімі заманауи, жаңа талаптарға сәйкес. Жеке құрамның қызмет етуіне барлық жағдай жасалған. Болашақта мұндай жоспарлар облыста жүзеге асырамыз. Төтенше жағдайға жедел жету үшін, жол жоқ жерлерге адамдарға көмекке жету үшін арнайы техника табысталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы