Бельгиялықтар үнемдеуге қарсы шеруге шықты
Бельгияда тағы да ереуіл. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысты тоқтатып, үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы елдің бірнеше қаласында шеру өткізіп жатыр. Мәселенің мән-жайын Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, тұрғындардың наразы болуына нақты не себеп?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Шерушілер үкіметтің салықты көбейтіп, әлеуметтік төлемдерді қысқартуына наразылық білдіруде. Биліктегілер 2029 жылға қарай 23 млрд еуро үнемдемек. Сол үшін жәрдемақыларды, бюджет шығынын қысқартуға кірісті. «Қарттарға зейнетақы төлеуге қаржы тапшы» деп, былтыр қаңтардан бастап Бельгияда зейнетке шығу жасы 65-тен 66 жасқа ұзартылған болатын. Енді 2030 жылға қарай оны 67 жасқа көтермек. Оған әсіресе өрт сөндірушілер қарсы. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.
Пьер Адамс, өрт сөндіруші:
Біз де өзгелер сияқты зейнетке 67 жаста шығамыз. Сұмдық қой. Елудің өзінде баспалдақпен жоғары көтерілу оңай емес. Жетпіске келгенше қалай жұмыс істейміз? Бюджетке ақша жетпесе, байларға салықты көбейтсін. Біздің жалақымызға тиіспесін.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Шерушілер қазір ұлттық банктің алдында наразылықты күшейтуде. Олар қаланың басты көшелерін жапқандықтан, қоғамдық көлік қозғалысы қиындады. Қызметкерлер жұмысқа шықпағандықтан, бүгін пошта, әкімдіктер, басқа да мемлекеттік мекемелер жабық. «Инфляциядан, қымбатшылықтан қажыдық» деген тұрғындар наурыз айында да бірнеше жалпыұлттық шеру ұйымдастырмақ.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10