ШҚО-да 71 елді мекенге қарғын су жайылуы мүмкін
Шығыста көктемде 71 елді мекенді қарғын су басу қаупі бар. Өйткені биыл өңірде қардың қалыңдығы өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе қалың. Сондықтан облыстағы әр аудан мен қалада тасқынға тосқын шарасы пысықталып жатыр. Бүгінге дейін аймақта су тасқынына қарсы үш мыңнан астам маман, 556 техника, 75 жүзу құралы мен 234 су соратын құрал дайындалды. Егер жағдай күрт күрделенсе, қажет құралдарды жедел жеткізіп, тұрғындарды шұғыл көшіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы көмекке дайын тұр. Ал «Қазгидромет» орталығының мамандары ақпанның соңы мен наурызда жауын-шашын көп болатынын хабарлады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы қазірдің өзінде 2 метрден асып кетті.
Шынар Базарова, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының бөлім басшысы:
Қазіргі уақытта су қоры жиналуының көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болуы байқалған. Бұл Шемонаиха ауданында, нақты көрсеткіш 170 мм құрайды. Болмаса 23 мм, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50 мм жоғары болып тұр. Үлкен Нарын аудандары 86 мм нормасы 60 мм өткен жылғы көрсеткішке жуық.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04