Жамбыл және Түркістан облысында жолдың кей бөлігі жабылды
Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін сағат 13:00-де
Жамбыл және Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың
бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»
баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Ресей шекарасынан Қытай
шекарасына дейін апаратын автожолдың учаскелеріндегі 534-593 шақырымдары және
593-654 шақырымдары аралығында жол жабылған. Яғни Жамбыл облысындағы Айша бибі
ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін, ал Түркістан Жамбыл облысының
шекарасынан бастап Машат ауылына дейін көлік қозғалысы шектелді. Жол ертең
шамамен сағат 10:00-де ашылмақ. Ал қосымша ақпарт алу үшін азаматтар 1403
байланыс орталығына хабарласа алады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54