UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы Дубайда өткен «Ю-эй-и Свот Челлендж – 2026» халықаралық жарысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Kazakhstan А» командасы турнирде екінші орынға ие болып, қуанышты еселей түсті.
Жарысқа 48 елден жүзден аса команда қатысты. Қазақстаннан барлығы бес команда барды. Олардың сапында Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері бар. Командалардың бірі «Tomiris» қыздар құрамасы әлем жанкүйерлерінің ерекше назарына ие болды. Олар турнирдің барлық кезеңінде әйелдер командалары арасында озық шықты әрі жалпы есепте ондаған ерлер құрамаларынан басым түсті. Сайысқа қатысушылар тактикалық операциялар, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандарды және офицерлерді құтқару, сондай-ақ кешенді кедергілер жолағынан өту секілді бес арнаулы тапсырманы орындады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы