Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылының оқушылары 3-ші тоқсаннан бастап жаңа мектепте білім алуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған заманауи білім ордасы 300 балаға шақталған. Өңірде дәл осындай 10 нысан қолданысқа берілген. Жаңа мектептің жан-жақты мүмкіндігін тілшіміз Жандос Бақытұлы көріп қайтты.
Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылы көркейіп келеді. Соңғы бірнеше жылда халық саны да
артқан. Жыл басынан
бері бірнеше әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Соның бірі – 300 балаға шақталған заманауи білім ордасы.
Нұрәсем Серік, оқушы:
Бұл мектепте білім алуға барлық жағдай жасалған. Робототехника, спорт, стем, шығармашылық кабинеттер мен түрлі үйірмелер бар. Мұндай мектептің арқасында қабілеттерімізді дамытып, болашаққа деген сенімді қадам жасай аламыз.
Заманауи мектеп қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін
дамытуға мүмкіндік
бермек. Онымен қос әр кабинетте жасанды интеллект арқылы жұмыс
істейтін интерактивті тақталар орнатылған.
Азамат
Нұрахметов, Ақсу-Аюлы
ауылының
тұрғыны:
Баланың тұлға болып, қалыптасуына, ойының дамуына бірден-бір себепші мектеп. Шынымды айтсам мына мектепкте өзіміз де оқығымыз келеді. Осындай жан-жақты мүмкіндігі бар мектеп ауылымызда ашылып жатқанына қуаныштымыз.
Бүгінде мектепте 470 жуық оқушы білім алуда. Баланың көптігінен
бастауыш сынып екі ауысыммен оқиды және арнайы
білім беруді қажет ететін оннан аса оқушы бар.
Оларға логопед, сенсорика, дефектолог кабинеттерінде арнайы мамандар сабақ береді.
Дат Бақаев,
Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебінің директоры:
Бұл мектептің ерекшелігі оқушылардың заманауи білім алуға жан-жақты цифрлық әлемге қалыптасуға жағдай жасалған. Мектепте робототехника, агро-сынып, тігін, сурет, спорт, би, шахмат үйірмелері жүзеге асуда.
Қарағанды
облысында ұлттық жоба аясында 10 мектептің құрылысы аяқталды.
Оның басым бөлігі
ауылдық жерде
салынған. Соның арқасында өңірде мектеп тапшылығы біржола шешілді
дейді мамандар. Ал келешекте Қарағанды қаласында 1 мектеп, Бұқар жырау ауданында 3
мектеп қолданысқа беріледі.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31