Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды. Президент кеше 15 наурызға республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін Конституциялық сот сайты мен бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа Ата заң жобасының мәтіні жарияланды. Жобадағы әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен. Бұл жайлы Конституциялық комиссия мүшесі Серік Егізбаев Парламентаризм институтында өткен жиында айтты. Кездесуде сарапшылар жобаның негізгі ережелерін қарастырып, мемлекеттік құрылым қағидаттарын, сондай-ақ азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін талқыға салды. Қаузалған тақырыптардың арасында отбасы және неке институтын нығайту, азаматтық бірегейлікті дамыту да бар.
Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты:
Әрбір бапқа жүзден астам ұсыныс келіп түсті. Мына 95 баптың негізгі талқылауы да, қызығушылығы да 10-15 баптың айналасында болып жатыр. Халық қандай мәселелерге назар аударып жатыр, оны комиссия жұмысында байқадық. Осы Конституцияның жаңа жобасына соны жауап ретінде қалыптастырдық.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17