Былтыр Италияға 185 млн турист келген
Олимпиада сияқты ірі әрі жаһандық шараларды өткізу кез-келген ел үшін олжа. Себебі бұл туризмді дамыту үшін таптырмас мүмкіндік. 2029 жылы қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізудің де бір себебі сол болса керек.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Италия – тарих пен өркениеттің алтын бесігі. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ондаған миллион адам осы елге ағылып келеді. Мысалы, былтыр Италияға 185 млн турист келген екен. Ал мен қазір сол Италияның өзгеше болмысын айқындайтын Милан қаласында тұрмын.Көпшілік Италия десе, көне Римді немесе су үстіндегі Венецияны елестетеді. Ал Милан мүлде басқа қырынан танылатын шаһар. Бұл – елдің қаржы орталығы, сән мен дизайнның астанасы, заманауи өмір ырғағы соққан мегаполис.
Ырысты Қызыхан, студент:
Миланда түрлі шаралар көп болады. Танымал адамдар осында концерттерін өткізеді.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Артымда тұрған ғимарат Еуропадағы ең ірі ғибадатханалардың бірі. Оның құрылысы XIV ғасырда басталып, бірнеше ғасыр бойы жалғасқан. Мыңдаған мүсінмен көмкерілген алып ғимараттың көкке шаншылған жүзден аса мұнарасы бар. Шіркеу төбесіне көтерілсеңіз, бүкіл Милан алақандағыдай көрінеді деседі.Қазір Италияда қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі дода басталған уақытта Италия олимпиадаға 6 млрд доллардан аса қаржы жұмсалғаны айтылды. Шығын көп, бірақ, елдің имиджі үшін пайдасы көл-көсір. Туристердің толқыны артып, экономикаға қаржы құйылады. Сол себепті де Италия тарихында олимпиаданы төртінші рет қабылдап отыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31
Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды
12.02.2026, 10:29
БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды
12.02.2026, 10:26
Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қайтыс болды
12.02.2026, 10:25
Үндістанда шахтадағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті
12.02.2026, 10:24
Зеленский сайлау уақытын ақпанда жарияламайтынын мәлімдеді
12.02.2026, 10:22
Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
12.02.2026, 10:19
ШҚО-да оқушылар онлайн оқып жатыр
12.02.2026, 10:17