Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
Кеше Италиядағы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні өтті. Биатлоннан 15 шақырымдық жеке сайысты Айша Рақышева 86, Милана Генева 89-орынмен тәмамдады. Айта кетейік, екеуі де алғаш рет Олимпиадаға қатысып отыр. Кезекті бәсеке күні фристайл-могулшы аруларымыз финалда өнер көрсетті. Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева бұл жолы жетістікке жете алмады. Ал жекелей сайыста бақ сынаған үшінші аруымыз Анастасия Городко 15-орыннан көрінді. Бұл Анастасияның екінші Олимпиадасы. 20 жастағы спортшымыз бұған дейін Бейжің Олимпиадасында 21 орынға тұрақтаған еді. Ту ұстаушы атлетіміз Аяулым Әміренова жекелей сайыста 18 орынға тұрақтады. Бұл Аяулымның үшінші Олимпиадасы.
Аяулым Әміренова, XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы:
Трасса бәрі жақсы. Қателіктер жібердік. Сондықтан осындай ұпайлар болды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04