Басты Жаңалықтар Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды

Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды

Астанада Alem Tech Fest 2026 фестивалі басталды. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект және STEM бағытындағы ең ірі шара. Биыл 5 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнам елдерінен келген қонақтар бар. Қатысушылар фестиваль аясында ұйымдастыралатын FIRST халықаралық бағдарламасы бойынша чемпионаттарға қатысып, «археология» тақырыбына сай инженерлік жобаларын ұсынады. Үздік деп танылған 50 команданың 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Бұдан бөлек, командалар Канада, Мексика, Нидерланды, Түркия және тағы басқа мемлекеттерде өтетін халықаралық жарыстарда бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Іс-шара тағы екі күн жалғасады.

Денис Латышев, қатысушы:

Біз Эстониядан 8 адам болып келдік. Командамыздың тәжірибесі мол. АҚШ, Грекия, Норвегия және өзге де мемлекеттердегі сайыстарға қатысқанбыз. Біздің жобамыз – археология жұмысын жеңілдететін робот. Жүйе жерастын тексеріп, қазба жұмыстарын құнды дүниелерді зақымдамай жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу