Басты Жаңалықтар БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды

БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды

БҚО-да сталкинг жасаған екі ер адам жауапқа тартылды. Біріне 346 мың теңге айыппұл салынды, ал екіншісіне 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы берілді.

Бөрілі ауданы Ақсай қаласының тұрғыны бұрынғы танысының соңынан аңдып, қорқытқан. Қала көшелеріндегі бейнебақылау камерасына ер адамның әйелге күш көрсеткені жазылып қалған. Ол танысын қудалап, қолынан тартып, жерге құлатып, соққыға жыққалы жатқанда бейтаныс адамдар кеп, арашалап алған. Қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды. Ер адам кінәсін мойындады. Оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 3 айға мінез-құлқына ерекше талаптар тағайындалды. Ал Бөкей ордасы ауданында ер адам бұрынғы әйеліне сталкинг жасаған.

Олжас Ибрайымов, облыстық Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

Екінші факт бойынша істі Бөкей ордасы ауданының соты қарады. 2025–2026 жылдар аралығында ер адам бұрынғы жұбайын тұрақты түрде қудалап, әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар жасап, қорқыту сипатындағы мәліметтер жолдаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылу жазасы тағайындалды.


Бөлісу