Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
Түркістан облысындағы Жаңақорған өзенінің суы шайып кеткен көпір келер жылы жаңадан салынады. Көксарай ауылына барған өңір басшысы Нұралхан Көшеров тұрғындарға осындай уәдесін берді. Кеше жауын-шашынның мөлшерден тыс жаууына байланысты аталған ауылдағы жұрт өткелсіз қалған еді. Жергілікті әкімдік пен төтеше жағдайлар қызметкерлері жедел әрекет етуінің арқасында жаяу адам өте алатын уақытша көпір салынды. Сондай-ақ өзен арнасының жан-жағы қазылып, Көксарай елдімекенін су басуға жол берілмеді. Аудан аумағында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Арнайы жедел әрекет ету тобы құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:
Қазір жол жүретін көпірді жасап беремін. Мына жобаны реттейік. Биыл көпірді салып беремін деп уәде бере алмаймын. Биыл көлік жүретін қылып беремін. Келесі жылы күрделі жөндеу жүргіземіз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16