Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында соңғы жылдары 56 жас дәрігер жұмысқа тартылды

Қызылорда облысында соңғы жылдары 56 жас дәрігер жұмысқа тартылды

Сыр медицинасында дәрігер тапшылығы мәселесі шешімін тауып келеді. Былтыр өңірдің денсаулық сақтау саласы 56 жас маманмен толыққан. Олардың басым бөлігі бүгінде ауыл-аймақта еңбек етіп жатыр. Елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жүрген абзал жандармен тілшіміз Әділбек Серікұлы тілдесіп қайтты.
Мұхаммед Батыс Қазақстан медицина университетінің түлегі. Жас дәрігер былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Арал аудандық ауруханасына жолдамамен келген. Кардиология бөлімінде жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарға ем-дом жасап, жаста болса кәсіби біліктілігімен тұрғындардың алғысына бөленіп жүр.
Мұхаммед Арынғазы, дәрігер-кардиолог:

Өзім ауылдық жерде өсіп-туғанмын. Бір жақсы сөз бар, яғни кіндік қаның тамған жерге неге маңдай терің таңбасқа дейді. Келгеннен бастап халықтың ризашылығын алу мақсатында қолдан келгеннің барлығын жасап және де өзімнің үйренген, білген-түйгенімді халыққа жұмсап жатырмыз.
Экологиялық апат аймағы саналатын Аралда қан қысымы, түрлі жүрек ауруларымен есепте тұрған науқастар көп. Сондықтан, ауданда кардиолог-дәрігер тапшылығы өзекті еді. Осы қажеттілік шешімін тауып, қазір үш кәсіби маман ауруханада қызмет етуде.
Әлия Мырзабаева, дәрігер-кардиолог:
Бұрын осы жерден облыс орталығына санавиациямен тасымалданатын. Қазіргі уақытта аса ауыр немесе операция керек науқастар болмаса қалғанының барлығы осы жерде аудан тұрғындары ешқайда бармай, ешқайда сандалмай профильді бөлімшеде жұмысын атқарып отыр.
Оның үстіне жыл басында аудандық аурухананың кардиология бөлімі жаңа ғимаратқа көшті. Мұнда дәрігерлерге де науқастарға да қолайлы жағдай жасалған. Ең бастысы денсаулығы сыр берген тұрғындар ауруын асқындырмай ауылдан-ақ сапалы ем алу мүмкіндігі туғанына дән риза.
Тұрсынкүл Тілеужанова, ем алушы:
Өте керемет. УЗИ-ден өтіп жатырмыз. Осыған жатқалы бручной пояс мынау ішкі құрылыс, көзіміге дейін, рентгенге дейін тіпті массаж аппараттарға біздер барып емімізді алып керемет көңіл-күйде отырмыз деп айта аламын.
Жалпы облыс медицинасында әлі де 100-ге жуық дәрігер тапшылығы бар. Жоғары оқу орнын бітіретін жас мамандарды аймаққа тарту бойынша денсаулық сақтау басқармасымен жүйелі жоспар құрылған.
Олжас Ысқақов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Биылға біз жоспарлап отырмыз 70-90 дәрігердің аралығында бітіріп келеді. Бізге алдын ала жоғары оқу орындары тізімдерін береді. Мүмкіндігінше біз әрбір маманның біздің өңірімізге келуі үшін тиісті жұмыстарын ықпалын жасап жатырмыз.
Дипломын алып, ауылға келген жас дәрігерге мемлекет тарапынан 8,5 миллион теңге біржолғы сыйақы төленеді. Мәселен, биыл облыс 20 жас маманға қаржылай қолдау көрсетуге әзір. Осылайша, алдағы бірер жылда Сыр өңірінде дәрігер тапшылығы толық жойылмақ.

Бөлісу