Конституциялық комиссия Президентке жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
Бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Кездесуде жаңа Ата заң жобасы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Президент бұл құжат елдің институционалдық дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысқанына тоқталып, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы