Басты Жаңалықтар Шымкенттік параспортшы миллионға үлгі болып жүр

Шымкенттік параспортшы миллионға үлгі болып жүр

Шымкенттік студент Дәулет Садықов көпшілік үлгі тұтқан жастардың бірі. Өзінің ерік-жігерімен жұртты тәнті еткен параспортшы шаршы алаңда волейбол ойнағанда алдына жан салмайды. Миллиондаған көрерменге шабыт берген жас спортшының шеберлігі туралы келесі бейнематериалда.

Дәулеттің қимылы шапшаң, соққылары жойқын. Команданың негізгі  ойыншыларының бірі өзінің шеберлігімен көпті таңқалдырып ақ жүр. Спортқа бала кезінен құмартқан бозбала 7 жыл бұрын айықпас дертке шалдығып, бір аяғынан айрылған. Бірақ спорт Дәулетті алға жетеледі.

Дәулет Садықов, параспортшы:

Мен Алматыда ойнап жүргенде Шымкенттікіне және Тараздыкіне шақырып жүрді. Енді кәзір Тараздыкіне шақырып жатыр сборныйға. Волейбол өмірімнің жартысы болып кеткен кәзір уже. Әлеуметтік желілерге өз видеоларымызды салу арқылы өзім сияқты азаматтарға үлгі болғым келеді.

Дәулет күніге бірнеше сағат жаттығады. Дайындыққа күш-жігерін аямайды. Ойын кезінде әріптестерінің әрбір қимылын қалт жібермей, олардың  әрекетіне қарай допты  қапталдан  шығарып береді. Тордың түбінде қарсыластарынан айла әдісін асыруға да  әбжіл. Командаластары оны топқа ерекше көңіл мен жігер сылайтын спортшы ретінде құрмет тұтады.

Дәулет Сатыбалдиев, досы:
Бізбен қатарлас ойнайды. Бізден артық ойнамаса кем ойнамайды. Оған мен сенімдімін. Ол атакующий болып та ойнай береді, подачаны да жақсы береді. Ол осы қалпымен жастарға үлгі болады.

Дәулеттің ойынын алғаш рет досы желіге жүктеген. Көп ұзамай бейнежазба бірнеше миллион қаралым жинап, көптің ықыласына бөленді.

Дәулет Садықов, параспортшы:
Көп адамдар бар ғой өзі өмірден түңіліп или тағы да сондай бірнәрсе болып жүрген, то что қолынан келеді деген нәрсені көрсеткіміз келеді да ше. Соларға мотивация болып, үйде жата бермей, болмайтын нәрсе болса да сомен айналысқанын қалаймын да ше менен үлгі алып мысалы.

Дәулет өзгеге де өзіне де талапшыл. Алға ұмтылу – оның өмірлік ұстанымы. Ал ата-анасының сенімі – Дәулеттің басты тірегі.



Бөлісу