Басты Жаңалықтар БҚО-да вейп темекі алып өтпек болғандар жазаланды

БҚО-да вейп темекі алып өтпек болғандар жазаланды

Батыс Қазақстан облысында 300-ге жуық вейп темекіні шекарадан алып өтпек болған екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары шекара қызметімен бірлесіп, вейптерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Бір ер адам Ресейден 175 дана электронды темекіні сатып алып, оны мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған. Вейптерді көлік орындығының астына, жүксалғыш қуысына, құрал-сайман сөмкесіне жасырған. Заңсыз әрекеті үшін сотталып, 300 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 млн 179 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 99 электронды темекіні заңсыз әкелгені үшін тағы бір ер адам 2 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді. Бұл заңсыз әрекеттер үшін Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Дулат Исқалиев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 110-бабы 9-тармағына сәйкес, шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді әкелуге, өндіруге, сату, тарату мақсатында сақтауға, тасымалдауға және таратуға тыйым салынғанын ескертеді.



Бөлісу