Батуттан құлап, жарақаттанған балаға ₸7 млн айыппұл төледі
Ақтөбедегі ойын-сауық орталықтарының бірі батутта ойнап жүріп ауыр жарақат алған балаға 7 миллион теңге өтемақы төледі. Сотта орталықтың кінәсі толық дәлелденді.
Оқушы құлап, оң аяғына ауыр зақым келген. Оның ұзақ уақыт Иллизаров аппаратымен жүруге мәжбүр болғаны айтылды. Кейін үшінші топ мүгедектік рәсімделген. Ата-анасы баласының оқуын жалғастыруы үшін репетитор жалдап келген. Бірінші инстанциядағы сот олардың пайдасына 2 миллион теңге өтемақы беруге үкім шығарды. Алайда арызданушы онымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.
Жансая Таирова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Ақылға сыйымдылық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сот алқасы моральдық зиянды өтеу ретінде өтелетін соманы 7 млн-ға ұлғайту қажет деген қорытындыға келді. Қалған бөлігінде соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16