Конституция жобасына 10 мыңнан аса өтініш түскен
Конституциялық комиссияға жаңа Ата заңның жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл туралы комиссияның XII отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, қоғам өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары. Келіп түскен пікірлер жүйеленіп, тақырыптық бағыттар бойынша топтастырылды.
Эльвира Әзімова, Конституциялық сот төрағасы:
Әрбір бағыт бойынша құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Ұсыныстар олардың негізділігі және іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан бағалануда. Мұндай белсенділік қоғамның жоғары деңгейдегі қатысуын айқын көрсетеді және жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы, ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді.
Осымен бірнеше аптаға созылған Конституциялық комиссия отырысы аяқталды.
Құрамына 130 адам кірген комиссия белсенді азаматтар мен сарапшылардан келіп
түскен 10 мыңнан астам ұсынысты терең талдап, зерделеп, Ата заңның жаңа
жобасына бүгінге дейін қосымша нормалар бекітті. 12 отырыс, одан бөлек
секциялық топтардың, БАҚ өкілдері, заңгерлер мен лингвистер, филологтар мен
саясаттанушылардың сүзгісінен өткен маңызды құжатты референдумға шығару
ұсынылды. Айта кету керек, Конституцияның жаңа жобасы 11 бөлім, 95 баптан
тұрады. Мәтіннің 84 пайызы жаңарған. Құжат тұңғыш рет мемлекеттік тілде қайта
жазылды.
Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты:
Кездесулерде барлық азамат бірауыздан халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті деген пікірді жиі айтты. Сондықтан Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамыз. Барлық отандасымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11