Әлем чемпионатының күміс жүлдегері әскери борышын өтеп жүр
Белгілі қазақстандық конькиші, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ел чемпионы Құдайберген Теміржанов бүгінде Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр. Ол әскери қызметшілерге кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға, шет тілдерін үйренуге және жоғары дене дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін «Сарбаз+» жобасы аясында қызмет етеді. Спортшы Қарулы күштер сапындағы қызметін спорттық мансабымен қатар ойдағыдай үйлестіріп келеді. Қатардағы жауынгер Теміржанов қарқынды әскери тәртіпке қарамастан, ортаға тез бейімделген. Әрі спорттағы тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отыратын айтады.
Құдайберген Теміржанов, жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс
жүлдегері:
Иә, әрине армия – оңай емес. Ерте тұру, дене шынықтыру дайындығы, саптық дайындық, атыс жаттығулары, далалық жорықтар және тағы басқалар. Бірақ кәсіби спортпен айналысқаныма 13 жыл болғандықтан, мұның бәрі мен үшін аса ауырлық етпейді. Спорт та армия сияқты темірдей тәртіпті талап етеді. Бірақ кім болсаң да Отан алдындағы борышыңды лайықты өтеу маңызды.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00