Қарағанды облысында жолда қалған 300-ге жуық жүк көлігі құтқарылды
Еліміздің бірнеше аймағында ауа-райы күрт бұзылып, түнде 20 дан астам жол учаскесі жабылды. Қазіргі таңда кей жерде көлік қозғалысына рұқсат берілгенімен әлі де қауіпті, дейді мамандар. Ал Қарағанды Ақсу-Аюлы тас жолында түнде 300 жуық жүк көлігі жолда қалған. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы тікелей байланыста. Жандос, ауа райы қалай, жол ашылды ма?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Арқаға ақпан келгелі ауа райы бұзылып, бар өнерін көрсетуде. Ақпанның ақ жауынына, Қаңтардың қалың қары қарсыласа алмады. Тіпті жолдағы мұздың үстінде көлік түгіл адамның өзі аяққа тұра алмайды. Өңірде кеше 7 республикалық маңызы бар жол учаскесі жабылып, Қарағанды Ақсу-Аюлы бағытында 300 жуық жүк көлігі жолда қалған. Алайда полиция қызметкерлерінің бақылауымен барлығы облыс орталығына жеткізілді. Қазіргі таңда өңірде 150 астам қызметкер жол қауіпсіздігін бақылауда. Олар таңға дейін алып көліктердің астына қолмен құм төсеп, көмек берген. Бүгінде әлі де 5 республикалық маңызы бар жол учаскесі жабық. Сол үшін құтқарушылар жүргізушілерге барынша сақ болып, жол ережесін қатаң сақтауға шақыруда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10