Еліміздегі кей өңірлерде оқушылар қашықтан оқиды
Ауа райына байланысты еліміздің кей өңірлерінде оқушылар онлайн оқып жатыр. Атап айтсақ, Астанада бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 0-9 сыныптар сабаққа үйден қатысып жатыр. Ал Ақтөбеде барлық сынып, Павлодарда бірінші ауысымда оқитын сыныптар онлайн форматқа көшірілді. Синоптиктердің мәліметінше бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, күн райы күрт құбылады. Боран, көктайғақ, тұман болады деген болжам бар. Абай облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігі мен шығысында түнде секундына 30 метр жел соғады. Жетісу облысы мен Түркістан облысында да боран әзірге басылмайды, дейді синоптиктер.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04