Олимпиада: М.Шайдоров қысқа бағдарламада өнер көрсетеді
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін спортшыларымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, фристайл-могул, биатлон бойынша өнер көрсетті. Бірақ қуантарлық нәтиже жоқ. Аздаған сәттен соң мәнерлеп сырғанаудан жарыс басталады. Қазір Миландағы спорт кешеніне әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгін қуантарлық жаңалық жоқтың қасы. Жарыс көп болды, бірақ нәтиже біз ойлағандай емес. Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық спринтер бойынша іріктеуде қыздарымыз үздік 30-дыққа кіре алмады. Ерлер арасында да ұқсас жағдай. Шорт-тректен де бүгінгі үміт шорт кесілді. 500 метрде бақ сынаған Тихонова іріктеуде іркілсе, Хан тайып жығылып, сүрінді. Денис Никиша мың метрде сәтсіз өнер көрсетті. Қуантарлығы - Павел Колмаков супер финалға жолдама алды. Биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдағы жекелей жарыс аяқталды. Ел намысын 2 спортшы қорғады. Жігіттер үздік жиырмалық тұрмақ отыздыққа да ілінген жоқ. Владислав Киреев мәре сызығын 53-і, ал Әсет Дүйсенов 74-болып кесті. Фристайл могулдың бірініш іріктеуі де ойдағыдай болмады. Ең үздік көрсеткіш Анастасия Городкаға тиесілі, 12-орын. Ал Юлия Галышева 14, Аяулым Әмренова 20 сатыдан көрінді. Дегенмен үмітімізді үзбейміз. Іріктеудің екінші кезеңінде финалға шығуға мүмкіндік бар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» ШҚО-да жалпыхалықтық жобаға айналды
16.04.2026, 17:38
Ақмола облысында жүзден аса қоқыс полигоны заңдастырылмаған
16.04.2026, 17:33
Жеңіл өнеркәсіп нарығында отандық шикізат үлесі артады
16.04.2026, 17:30
Алматыдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
16.04.2026, 17:27
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасы одақтастық деңгейге көтерілді
16.04.2026, 17:25
Вашингтон Тегеранмен келісім жасағысы келеді
16.04.2026, 17:22
Таразда бір күнде 107 мәселе қаралды
16.04.2026, 17:20
Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
16.04.2026, 17:17