«Топырақтың алты дюймі» деректі фильмі көрсетілді
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Топырақтың алты дюймі» атты деректі фильм көрсетілді.
Бұл туындыда ағылшындық үш жас фермердің жер өңдеу әдісі таспаланған. Олар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Осылайша фильм авторлары топырақтың маңызын, оның ең құнды ресурстың бірі екенін көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, егіншілік саласындағы түрлі әдістер жөнінде де баяндалады. Көрсетілімге Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттері және Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілі қатысты.
Бекарыс Олжабаев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің департамент директоры:
Әрине бұл «Таза Қазақстан» жобасының идеологиясын әрі қарай жалғастыру, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық белсенді болу, жерді көгалдандыру деген мақсатта студенттерге ой ұсынады деген ойдамыз. Сондықтан да бұл студенттерге «Таза Қазақстан» идеологиясын әрі қарай жүргізуге септігін тигізеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16