Түркістан облысында егістік басталып кетті
Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны басталды. Қазір Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Алпамыс батыр және Ақтөбе ауылдық округтерінде шаруалар қырыққабат, сәбіз және картоп дақылдарын егіп үлгерді. Күннің райы диқандарға қолайлы болып тұр. Тез пісетін дақылдың өнімділігі де жоғары дейді шаруалар. Биыл аудан бойынша көкөніс егуге 6 мың гектар, ал картопқа мың гектар алқап бөлінген.
Кәмілжан Дадаев, шаруа:
Сұранысы бар деген сорттарды егіп жатырмыз. «Зарисма» бірінші піседі. Одан кейін «Валикор», одан кейін «Фарао», сәуірдің басында. Қазір мына жерде бір 70 адам бар істеп жатқан. Бір күндері 40-45 адам болады, бір күндері 70 адам болады. Бір күндері 20 адам болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06