Басты Жаңалықтар Атырауда грант алған азаматтар кәсібін дөңгелетіп отыр

Атырауда грант алған азаматтар кәсібін дөңгелетіп отыр

Атырауда мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған азаматтар кәсібін дөңгелетіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында кәсіпкерлікті дамытуды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауды ел экономикасының басымдығы ретінде атап өткен еді. Осы орайда азаматтарға 400 АЕК көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 300-ге жуық тұрғын өз кәсібін ашқан. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалғастырады.

Мемлекттік грантты ұтып, кәсібін жүргізіп отырған жанның бірі – Асхат Ғұмаров. Бұрын Атырау облысының спортшыларын марапаттау үшін медальдар өзге өңірлер мен шетелдерден әкелінетін. Нарықты және спорт ұйымдарының қажеттіліктерін зерттей келе өз өндірісімізді жолға қоюға шешім қабылдадық, - дейді цех мамандары.

Әсет Сағындық, цехтың бас маманы:

Жалпы көмегі өте мол болды. Себебі қазіргі таңда басында мына лентаны жасау үшін біздер Алматы, Астана, Шымкент қалаларына шығатын едік. Бір лентаға олар 800-ден 1000 теңгеге дейін сұрайды. Ол бізге қолайсыз болды. Қазір шикізат пен краскасын сатып алып, өзіміз жасап отырмыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Қаржылай қолдау алған тағы бір кәсіпкер осындай заманауи ағаш цехын ашқан. Мұнда сандық, жиһаз, сөре сияқты түрлі заттар шығарылады. Сондай-ақ 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір негізін қалаушы Мейірбек Тастанбековпен тілдесіп көрейік. Мейірбек мырза, мемлекеттен алған грант сізге қаншалықты тиімді болды? Қандай көмегі тиді?

Мейірбек Тастанбеков, кәсіпкер:

Өте жоғары көмегі тиді. Ала алмай жүрген станоктарымды алдым кесетін, турайтын. Ағаштарды кесетін. Ағаштан кез-келген зат жасаймыз. Болашақта тағы да өсеміз деген ойдамыз. Тағы грантпен көмектессе деген тілек бар мемлекет.

Өткен жылы мұндай қаржылай қолдауға 291 адам ие болған. Ұсынылған бизнес-жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, медицина және қоғамдық тамақтану салаларына тиесілі болған. Биыл игі жоба тағы жалғасады.

Мереке Есқалиев, облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы:

Кәсібін ашқан жұмыссыз азаматтар және кәсібін ашқан бірақ ашқанына 3 жыл болмаған кәсіп иелері ала алады бұны. Жалпы мемлекеттік гранттың өзінің атауы Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлікті қолдау.

Өңірде азаматтарды кәсіпкерлікке тарту және өз ісін бастауына қолдау көрсету шаралары жалғасуда. Сұраныс жоғары. Сондықтан биыл әлеуметтік осал санатқа жататын 330 тұрғынға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.


Бөлісу