Жаңа Конституция жобасы: Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін
Жаңа Конституция жобасында «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындала түсті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Құжатқа енген нормалар Қазақстанның саяси жүйесінің даму қисыны мен бірізділігін бекітеді. Ол ең алдымен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген. Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады. Әзірге Конституциялық комиссия халықтан келіп түскен ұсыныстарды жан жақты талқылап, тиісті түзетулер әзірлейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Комиссия мүшелері түзетулердің аса көптігін ескере отырып, ортақ пайымға келді. «Ата Заңға жекелеген өзгеріс енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн» деген байлам жасады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Жиын
барысында Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да тоқталды. Әр
саладағы проблемаларды айтып, шешу жолдарын да айқындады. Мәселен, тұрақты әрі
қалыпты инфляция көрсеткішін және мемлекет қаржысының теңгерімді болуын
қамтамасыз ету. Жаппай цифрландыру және барлық салаға жасанды интелектіні
енгізу. Экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек. Яғни ең алдымен
халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс деген Мемлекет
басшысы Үкіметке ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да
көбеюі керек деген талап қойды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38