Басты Жаңалықтар Мүгедек адамдарды жұмыспен қамтушылардың өтініші қаралды

Мүгедек адамдарды жұмыспен қамтушылардың өтініші қаралды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын барлық ұйымдарға тең жағдай жасау тәсілі қайта қаралды. Өзгерістер жайлы Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің төртінші отырысында айтылды. Оған төрағалық еткен Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. Депутаттардың ұсынысы бойынша, биылдан бастап корпоративтік табыс салығы бойынша салық жеңілдігін қолдану мақсатында мүгедектігі бар қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының 51% бірыңғай үлесі енгізіледі. Яғни есту, сөйлеу немесе көру қабілеті бұзылған адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар бұрын қолданылған 35%-дық үлес нормасы өзгерді. Қабылданған норма салық төлеушілерге ішінара таңдау тәсілін жойып, жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанға қарамастан, мүгедек адамды жұмыспен қамту мүмкіндігін арттырмақ. Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде алғаш рет мүгедектік тобына байланысты жеке табыс салығы бойынша әлеуметтік салық шегерімін саралау нормасы енгізілді.

Нұрлыбек Шаймаханов, ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры:

2026 жылдан бастап, І және ІІ топтағы мүгедектер үшін бұл шегерімнің мөлшері 5000 АЕК-ке дейін ұлғайды. Яғни бұл 21 млн 600 мың теңге шамасында. Ал ІІІ топтағы мүгедектер үшін көрсеткіш сақталды, яғни 882 АЕК мөлшеріндегі шегерімдер. Бұл дегенмізі, осы мөлшер шегінде аталған азаматтар табыс таба отырып, салық төлемейді.


Бөлісу