Бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар толық тексеріледі
Еліміздегі бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар толық тексерілетін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 1 мамырға дейін ревизия жүргізу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ жиында инфляцияны баяулату, Салық кодексі, жұмыспен қамту, цифрландыру және басқа да салалардағы мәселелер көтерілді.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы баяндама жасады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев тоқталды. Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Конституциялық реформаға тоқталды. Жаңа құжатта Суперпрезиденттік жүйе түбегейлі жойылып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бүгінге дейін арнайы комиссияның 10 отырысы өтіп, алғашқы жобасы халыққа ұсынылды. Тұрғындардың қызу талқылауы қуантарлық жағдай. Бұл сапалы конституцияны жасақтауға сеп болады деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, экономикалық өсім, инфляция мәселелеріне, жаңа Салық кодексіне де тоқталды. Әсіресе өңірлердің табысы азаймауы керектігі айтылды. Тағы бір маңызды мәселе жыл соңында түрлі органдар бөлінген қаржыны игереміз деп қызу жұмыс істейді. Бұл игеру емес ақшаны шашу. Сондықтан жұмыс жүйесін өзгерту қажеттілігі айтылды. Ал бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар тағы тексерілетін болды. Президент медицина, білім, өнеркәсіп және басқа да салалардағы мәселелерді көтерді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38