Еуропада декретке шығатын еркектердің қатары артты
Еуропада декретке шығатын ер адамдардың саны күннен-күнге артып отыр. Еуропалық Одақтың заңына сәйкес бала күтіміне байланысты демалыс ерлерге екі аптадан он бес аптаға дейін берілуі тиіс. Швецияда жаңа туған сәбидің әкесі 90, Норвегияда 70 күн декреттік демалысқа шыға алады. Скандинав елдері мен Германияда ер азаматтар айлығының 70-100 пайызын декреттік өтемақы ретінде алуға құқылы. Дегенмен, Грекия сынды өтемақысы мардымсыз мемлекеттерде ерлер декретке шығуға құлықсыз. Сол үшін қарт құрлық елдері «әкелік квота»жүйесін енгізген. Мәселен, Португалияда әкелер балаларымен бес күндік ақылы демалысты өткізуге міндетті. Мұны орындамаған жағдайда айыппұл салынады. Ерлерді бала тәрбиесіне белсенді жұмылдырып, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін Еуропа елдері бала күтіміне байланысты ер адамдарға берілетін өтемақыны тағы да көбейтуді көздеп отыр.
Габриэль
Свальди, Брюссель қаласының тұрғыны:
Бала күтіміне байланысты демалыс алғаным мен үшін керемет тәжірибе болды. Бала бағу оңай емес екенін түсіндім. Дегенмен, баланың жұпар иісі, күлкісі ғажап.Әйелдерге жауапкершілікті артып қоймай, бала тәрбиесіне біздің де қатысуымыз маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы