Басты Жаңалықтар Бибісара Асаубаева Әлем чемпионы атағына Үміткерлер турниріне қатысады

Бибісара Асаубаева Әлем чемпионы атағына Үміткерлер турниріне қатысады


Қазақстандық әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер атанған қаршадай қазақ қызы Бибісара Асаубаева Кипр елінде өтетін биылғы үміткерлер турнирінде ел намысын қорғайды. Ол жаһанның ең үздік 8 шахматшысымен кездесіп, әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Бұл Қазақстан шахматы тарихындағы айтулы оқиға. Бибісара Асаубаева өзінің қайсар мінезімен және феноменал жылдамдығымен танымал. Оны шахмат әлемінде «блиц ханшайымы» деп те атайды. Бибісара журналистермен сұқбат барысында күніне 8-9 сағат жаттығатынын айтты. Және бұл темірдей тәртіптің нәтижесі дейді.

Бибісара Асаубаева, блицтен үш дүркін Әлем чемпионы:

Мен үшін бұл турнир өте маңызды, онда небәрі 8 адам ғана ойнайды. Мұндай деңгейдегі турнирде алғаш рет Қазақстанның намысын қорғап жатқаныма қуаныштымын. Онда Үндістаннан үш, Ресейден екі, Қытайдан екі өкіл және мен қатысамын. Дайындыққа мықтап кірістім. 
 


Бөлісу