Басты Жаңалықтар Олимпиада: Атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды

Олимпиада: Атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды


Бүгін Олимпиада ойындарында қазақстандық атлеттер спорттың бес түрінен сынға түседі. Сағат 13:05-те шаңғы жарысынан ерлер мен әйелдер арасында іріктеу кезеңі басталады. Бұл бәсекеде ел намысын 7 спортшы қорғайды. 14:25-те әйелдер арасында шорт-тректен 500 метр қашықтықта, ал 15:10-да ерлер арасында 1000 метр қашықтықта іріктеу өтеді. Ал 15:59-да аралас командалық сынның ширек финалы болады. Оғландарымыз сүрінбей өтсе, әрі қарай жартылай финалға шығады. Дәл осы күні шорт-тректен алғашқы медальдар өз иесін табады. Фристайлдың могул түрінен де алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. 17:30-да жігіттер биатлоннан 20 шақырым қашықтықта кіл мықтыны анықтайды. Соынмен бірге 22:25-те мәнерлеп сырғанаудан жарыстар басталады. Ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Бұл сайыста еліміздің үкілеген үміті Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Жарыстарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.


Бөлісу