Конькимен жүгіруден спортшыларымыз тағы да медальға ілікпеді
Италияның Милан қаласында өтіп жатқан олимпиаданың кеше үшінші күні аяқталды. Әйелдер арасында конькимен мың метрге жүгіруден жарыстың жүлдегерлері анықталды. Олар кімдер? Толығырақ Азамат Бейбітұлы тарқатады.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Қазақстан атынан алғаш рет 1000 метр қашықтықта 3 бірдей спортшымыз жүлдеге таласты. Олардың арасынан жақсырақ өнер көрсеткен Надежда Морозова 14-орын алды. Елизавета Голубева 19-шы, Кристина Силаева 28-орынға тұрақтады.
Кристина Силаева, спортшы:
Жақсы өнер көрсеткім келді. Бірақ, ойлағанымдай болмады. Мен үмітті үзбеймін. Өйткені, алда мен ұзақ дайындалған қашықтық бойынша жарыс күтіп тұр. Бұл – 500 метр. Сол кезде өзімді бүгінгіден жақсы көрсеткім келеді.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
1-орынды нидерландық Ютта Лердам алса, 2-орынды да соның жерлесі Фемке Кок еншіледі. Жапон қызы Михо Такаги қоланы қолға ұстады. Жасөспірімдер арасындағы тұңғыш қазақстандық Олимпиада чемпионы Илья Мизерных бүгін ересектер арасында дебют жасады. Ол шаңғымен тұғырдан секіруден орта трамплиндегі іріктеу кезеңінде 117 ұпаймен 39-орынға табан тіреді. Ал екінші Олимпиадасына қатысып жатқан Данил Васильев 34-орында сайысты аяқтады. Енді қос отандасымыз 14 ақпанда үлкен трамплинде шеберліктерін сынайды. Осылайша, Олимпиаданың үшінші күні аяқталды. Өкінішке қарай, әзірге медаль жоқ. Бірақ, жарыс енді қыза түседі. Сондықтан, спортшыларға сәттілік тілейміз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03