Конституцияның жаңа жобасындағы әнұран сөзін ауыл тұрғыны ұсынған
Конституцияның жаңа жобасына әрбір ел азаматы ұсыныс білдіре алады. Бүгінде арнайы комиссия қарауына қазақстандықтардан 4 мыңнан астам хат келіп түскен. Ата заңға қатысты ресми өтініш білдірген жанның бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны Махамбетәлі Әбдіхамитұлы.
33 жастағы Махамбетәлі - ағылшын пәнінің мұғалімі. Ол Конституциядағы гимн терминін қазақтың әнұран сөзімен алмастыруды ұсынған. Жас ұстаз бастапқыда өзінің талап-тілегі назарға алынатынына күмәнмен қарағанын жасырмайды. Бірақ көп ұзамай конституциялық кеңестен ресми жауап келіп, оның ұсынысы қолдау тапқан. Енді міне, Конституцияның жаңа жобасында Мемлекеттік рәміздер туралы жазылған 11-бапта бұрынғы гимн термині әнұран болып өзгертілген.
Махамбетәлі Әбдіхамитұлы, аудан тұрғыны:
Қарапайым аудан тұрғынының үні жоғары жаққа естіле ме екен, естілмейді ме екен деген бір ой болды. Естілді. Естілгеннен кейін бір жағынан қуандық, яғни ауыл азаматтары да осылай сауатты түрде өтініш білдірсе осылай естіледі екен. Басқа да мәселелерді қозғауға болады екен деген ой келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы