Басты Жаңалықтар Достық үйінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Достық үйінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері Ассамблея жұмысын реформалау және Халық кеңесін құру жөніндегі бастаманы орынды қадам деп санайды. Достық үйінде өткен басқосуда жиналғандар жаңа Конституция жобасын және оның қоғамдық бірлікті нығайту мен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге арналған негізгі нормаларын қолдап отыр. Бұл реформалардың тарихи маңызы бар және олар мемлекеттік институттардың қоғаммен тұрақты диалог орнатуы бойынша жаңа басымдықтарды айқындайды деген пікірде.

Талғат Жақиянов, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі:

Ассамблея, шын мәнінде, осы уақытқа дейінгі аралықта өзінің тарихи миссиясын орындады. Кейінгі жылдардағы Ассамблеяның жалпы жұмысы қоғамдық келісімдерге бағытталған. Жалпыұлттық қоғамдық келісім. Сәйкесінше, Халық кеңесінің бүгінде рөлі тура осыған келіп тұр деуге болады. Сондықтан да бұл бастама өте орынды деп есептеймін.


Бөлісу